Флудамеда (25 мг/мл)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Флудамеда
Халықаралық патенттелмеген атауы
Флударабин
Дәрілік түрі
Инъекция немесе инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 25 мг/мл, 2 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - флударабин фосфаты 25.00 мг;
қосымша заттар: натрий гидрофосфатының дигидраты1.78 мг, рН түзету үшін 1 М немесе 2 М натрий гидроксидінің ерітіндісі q.s., 1 мл-ге дейін инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пуринді аналогтар. Флударабин.
АТХ коды L01BB05
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Флударабиннің фармакокинетикасы (2-фтор-ара-А) флударабин фосфатымен (флударабин фосфаты, 2F-ara-AMP) вена ішіне болюсті инъекциядан және қысқа мерзімдік инфузиядан кейін, сондай-ақ кейіннен үздіксіз инфузиядан кейін зерттелді. 2F-ara-AMP суда еритін ізашар дәрі болып табылады, ол адам организмінде флударабин нуклеозидіне (2-фтор-ара-А) тез дефосфорланады. Дене бетіне шаққанда 25 мг/м2 стандартты дозасымен 30 минут бойы бір реттік инфузия жасағаннан кейін қан плазмасында 2-фтор-ара-А ең жоғары концентрациясына (3,5 - 3,7 мкМ) инфузия соңында жетеді. Препаратты бес рет енгізгеннен кейін инфузияның аяқталу кезіне дейін ең жоғары концентрацияның 4,4 - 4,8 мкМ дейін орташа жоғарылағаны байқалды. Емдеудің бірнеше циклдерінен кейін 2-фтор-ара-А жинақталуы білінген жоқ. Инфузия аяқталғаннан кейін концентрацияның бастапқы фазада жартылай шығарылу кезеңі 5 минутқа жуық, аралық – 1 - 2 сағат және терминальді фазада 20 сағатқа жуық болатын үш фазалық төмендеуі байқалады. 2-фтор-ара-А лейкемиялық жасушаларға белсенді түрде тасымалданады, содан кейін монофосфатқа дейін және ішінара ди- және трифосфатқа дейін рефосфорланады. Трифосфат (2-фтор-ара-АТФ) жасушаішілік негізгі метаболит және цитоуыттық белсенділігі бар белгілі метаболиттердің бірден-бірі болып табылады. Созылмалы лимфолейкозы бар пациенттердегі лейкемиялық лимфоциттерде 2-фтор- ара-АТФ-тің ең жоғары деңгейі орта есеппен 4 сағатта байқалды және орташа ең жоғары шектегі концентрацияның (орта есеппен 20 мкМ-ге жуық) едәуір ауытқуымен сипатталды. Лейкемиялық жасушалардағы 2-фтор-ара-АТФ концентрациясы қан плазмасындағы оның ең жоғары концентрациясынан едәуір жоғары болды, бұл ісік жасушаларында заттың жинақталғанын көрсетеді. Нысана жасушалардан 2-фтор-ара-АТФ-тің жартылай шығарылу кезеңі орта есеппен 15-тен 23 сағатқа дейінді құрайды.
Фармакодинамикасы
Флудамеданың құрамында флударабин фосфаты, суда еритін фторланған нуклеотид, вирусқа қарсы агенттің аналогы, видарабин, 9-в-D-арабинофуранозиладенин (ара-А) бар, ол аденозиндезаминазамен дезаминирленуге біршама тұрақты. Адам организмінде флударабин фосфаты жасушалармен қармалатын 2-фтор-ара-А-ға дейін тез дефосфорланады, содан соң жасуша ішінде белсенді трифосфатқа (2-фтор-ара-АТФ) дейін фосфорланады. Бұл метаболит РНҚ-редуктазаны, ДНҚ-полимеразаны (альфа, дельта және ипсилон), ДНҚ-праймазаны және ДНҚ-лигазаны тежейді, бұл ДНҚ синтезінің бұзылуына әкеледі. Бұдан басқа, РНҚ-полимераза ІІ ішінара тежеліп, кейіннен малигнизацияланған жасушалардың ақуыз синтезі төмендейді.
2F-ara-АТР әсер ету механизмінің кейбір аспектілері әлі де белгісіз, бірақ оның басым факторы жасушалардың өсу кідірісіне ықпал ететін ДНҚ, РНҚ және ақуыз синтезіне әсер етуі, басым фактор болып табылатын ДНҚ синтезінің тежелуінен, жасушалардың өсуінің тежелуіне мүмкіндік береді деп болжам жасалады.
Қолданылуы
- сүйек кемігінің қоры жеткілікті пациенттердегі В-жасушалық созылмалы лимфолейкозда (СЛЛ)
Емдеудің бірінші желілі препараты ретінде флударабинмен емдеуді өршіген ауруы, III/IV сатыдағы сәулелік ауруы (Binet, С сатысында) немесе RAI жүйесі бойынша I/II сатыдағы сәулелік ауруы (Binet, A/B сатысы) бар пациенттерде ауру симптомдары немесе аурудың өршігенін көрсететін айғақтамалар білінген кезде ғана бастаған жөн.
Қолдану тәсілдері және дозалары
Флудамедті ісікке қарсы ем жүргізу тәжірибесі бар маманданған дәрігердің бақылауымен қолданған жөн.
Флудамедті тек вена ішіне ғана енгізу керек!
Ересектер
Ұсынылатын доза әрбір 28 күн сайын 5 күн қатарынан вена ішіне енгізу жолымен қолданылатын, дене бетінің әр м² шаққанда 25 мг флударабин фосфатын құрайды. Қажетті дозаны (науқастың дене бетіне қарай есептелген) шприцке құйып алады. Содан кейін бұл дозаны 10 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылтады және вена ішіне баяу сорғалата отырып енгізеді. Инфузия үшін балама ретінде қажетті доза 100 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісінде сұйылтылуы және шамамен 30 минут бойы инфузия жәрдемімен енгізілуі мүмкін. Емдеудің оңтайлы ұзақтығы нақты анықталған жоқ. Емдеу ұзақтығы емдеу тиімділігіне және препараттың жағымдылығына байланысты. Флудамедті жауапқа қол жеткізгенге дейін (әдетте 6 цикл) енгізу ұсынылады, ал содан кейін препарат қабылдауды тоқтату қажет.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Айрықша нұсқаулар
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде доза түзетілуі тиіс. Егер креатинин клиренсі минутына 30-дан 70 мл-ге дейінді құраса, доза 50%-ға дейін азайтылуы тиіс, және уыттылығына баға беру үшін мұқият гематологиялық бақылау жүзеге асырылуы тиіс («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Егде жастағы пациенттер
Флудамедті пациенттердің осы тобына, егде жастағы (75 жастан асқан) адамдарда флударабинді қолдану жөнінде деректер шектеулі болғандықтан, сақтықпен қолданған жөн (сондай-ақ «Айрықша нұсқаулар» бөлімін де қараңыз).
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі
- дене температурасының жоғарылауы, қатты қажығыштық, әлсіздік
- салдарлық инфекциялар/оппортунистік инфекциялар (мысалы, жасырын вирустардың, соның ішінде герпес және Эпштейн-Барр вирустарының реактивациясы, өршімелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия), пневмония
- нейтропения, тромбоцитопения және анемия
- жүректің айнуы, құсу, диарея
- жөтел
Жиі
- миелосупрессия
- стоматит
- ісінулер, мукозит, қалтырау, дімкәстік
- шеткері нейропатия
- көрудің бұзылулары
- тері бөртпесі
- анорексия
- флударабинді алкилирлейтін цитоуытты дәрілерге, топоизомераза тежегіштеріне немесе радиотерапияға дейін және кейін немесе олармен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде миелодиспластикалық синдром (МДС) және жедел миелоидты лейкоз (ОМЛ)
Жиі емес
- аутоиммунды бұзылулар (соның ішінде аутоиммунды гемолиздік анемия, тромбоцитопениялық пурпура, пемфигус, Эванс синдромы, жүре пайда болған гемофилия)
- ісік лизисінің синдромы (бүйрек функциясының жеткіліксіздігін, метаболизмдің ацидозды, гиперкалиемияны, гипокальциемияны, гиперурикемияны, гематурияны, уратты кристаллурияны, гиперфосфатемияны қоса)
- асқазан-ішектік қан кетулер, бауыр және ұйқы безі ферменттері көрсеткіштерінің бұзылуы
- сананың шатасуы
- ентігу, өкпе фиброзы, пневмонит
Сирек
- лимфопролиферациялық бұзылулар (Эпштейна-Барр вирусымен байланысты)
- қозу, құрысулар, кома
- көру жүйкесінің невриті, көру нейропатиясы және соқырлық
- жүрек функциясының жеткіліксіздігі, аритмиялар
- тері обыры, Стивен-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)
Жиілігі белгісіз
- геморрагиялар (церебральді, өкпелік)
- геморрагиялық цистит
Қолдануға болмайтын жағдайлар
флударабинге немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық
креатинин клиренсі 30 мл/мин болатын бүйрек функциясының айқын бұзылуы
декомпенсацияланған гемолиздік анемия
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздігі және/немесе тиімділігі жөнінде деректер жоқ болғандықтан)
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Флудамедті кез келген басқа дәрілік препараттармен араластырмаған жөн.
Жазылуы қиын созылмалы лимфоцитарлы лейкемияны (СЛЛ) емдеу үшін флударабиннің пентостатинмен (дезоксикоформицинмен) біріктірілімін қолдану, өкпенің жоғары уыттануынан, өліммен аяқталуға жиі әкеп соқты. Осыған байланысты, Флудамедтің пентостатинмен біріктірілімін қолдану ұсынылмайды.
Флударабиннің емдік тиімділігі дипиридамолмен немесе аденозинді қармап қалатын басқа тежегіштермен төмендеуі мүмкін.
Флударабинді цитарабинмен біріктіріп пайдалану кезінде, жасушаішілік ең жоғары шектегі концентрация және лейкоздық жасушаларда Ara-CTP-дің (цитарабиннің белсенді метаболиті) жасушаішілік экспозициясы жоғарылайды. Плазмадағы Ara-C концентрациясы және Ara-CTP бөлініп шығу қарқындылығы өзгермейді.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты енгізер алдында ерітіндінің түсінің өзгермегеніне («Сипаттамасы» бөлімін қараңыз) және көзге көрінетін бөлшектердің жоқтығына көз жеткізіңіз. Қаптаманың бүлінгені байқалған жағдайда препаратты пайдалануға тыйым салынады. Жүкті әйелдер препаратпен жұмыс жасамауы тиіс. Препаратпен жұмыс жасағанда, сондай-ақ Флудамеданы енгізуге тікелей дайындау барысында сақтық танытқан жөн. Егер құты абайсызда сынып қалса немесе ерітінді төгілген болса, организмге зиянды әсеріне жол бермеу үшін, қорғағыш қолғаптарды және көзілдірікті пайдалану ұсынылады. Ерітінді теріге немесе шырышты қабықтарға тиім кеткен жағдайда шұғыл түрде сол жерді сабындап, сумен жуып-шаю керек. Көзге тиіп кеткен жағдайда оны судың мол мөлшерімен шаю керек. Оны деммен тартпау керек! Құты бір реттік қолдануға арналған. Пайдаланылмаған препарат ерітіндісі жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы тиіс.
Флудамеданы ұзақ қолданудың орталық жүйке жүйесіне ықпалы белгісіз. Дегенмен, кейбір зерттеулерде пациенттерге емдеуді біршама ұзақ уақыт жүргізгенде (емдеудің 26 курсына дейін) ұсынылған доза жағымды болды. Пациенттер неврологиялық әсерлер белгілерінің пайда болуы тұрғысынан мұқият бақылануы керек. Жедел лейкемиясы бар пациенттерде оңтайлы дозаны анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулерде жоғары дозаларды пайдаланғанда, соқырлықты, команы және өлімді қоса, ауыр неврологиялық зардаптардың туындауы флударабин фосфатымен байланысты болды. Симптомдар соңғы дозаны енгізген сәттен бастап 21 - 60 күні пайда болды. Орталық жүйке жүйесі уыттылығының осы ауыр дәрежесі, ұсынылған дозаға қарағанда, шамамен төрт есе көбірек (5-7 күн ішінде тәулігіне 96 мг/м²) қабылдаған пациенттердің 36%-да туындады. Созылмалы лимфоцитарлы лейкемияда ұсынылған диапазондағы дозаларды қабылдаған пациенттерде орталық жүйке жүйесі уыттылығының ауыр дәрежесінің туындауы сирек (кома, құрысулар және қозу) немесе жиі емес (сананың шатасуы) (сондай-ақ «Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).
Тіркеуден кейінгі қолдану тәжіибесінде нейроуыттылықтың клиникалық зерттеу кезінен ерте немесе кеш пайда болғаны мәлімделді.
Денсаулық жағдайы бұзылған пациенттерде Флудамеда пайда/қаупі арақатынасына мұқият баға берілгеннен кейін де сақтықпен қолданылуы тиіс. Бұл әсіресе сүйек кемігі функциясының ауыр бұзылулары (тромбоцитопения, анемия және/немесе гранулоцитопения), иммунотапшылығы немесе оппортунистік инфекциясы анамнезде бар пациенттерге қатысты.
Флударабин фосфатын қолданғанда пациенттерде сүйек кемігі қызметінің күрделі бәсеңдеуі, атап айтқанда, анемия, тромбоцитопения және нейтропения пайда болғаны жөнінде мәлімделді. Венаішілік зерттеудің алғашқы фазасында ірі ісіктері бар ересек пациенттерде гранулоциттер үшін деңгейінің ең көп төмендеуіне дейінгі уақыт медианасы 13 күн (диапазоны 3-25 күн), тромбоциттер үшін 16 күн (диапазоны 2-32 күн) деп саналады. Көптеген пациенттерде ауру нәтижесінде немесе мұның алдында жүргізілетін миелосупрессивтік емдеудің нәтижесінде гематологиялық бұзылулар бастапқы деңгейде болды.
Жинақталған миелосупрессия байқалуы мүмкін. Химиотерапиядан туындаған миелосупрессия жиі қайтымды болса да, флударабин фосфатын енгізу мұқият гематологиялық бақылауды қажет етеді.
Флудамед айқын жағымсыз уытты әсерлері бар ісікке қарсы күшті дәрі болып табылады. Емделіп жүрген пациенттер гематологиялық және гематологиялық емес уыттылық белгілерінің бар-жоқтығын анықтау тұрғысынан мұқият бақылануы керек. Анемияның, нейтропенияның және тромбоцитопенияның дамуын анықтау үшін шеткері қан көрінісін ұдайы анықтау ұсынылады.
Ересек пациенттерде сүйек кемігінің үш желілі гипоплазиясының немесе аплазияның бірнеше мысалдары тіркелді, ол нәтижесінде панцитопенияға, кейде өлімге әкеп соқтырды. Тіркелген жағдайларда клиникалық тұрғыдан маңызды цитопенияның ұзақтығы шамамен 2 айлықтан 1 жылға жуыққа дейінгі диапазонда өзгереді. Осы жағдайлар бұрын ем қабылдаған, сонымен қатар ем қабылдамаған пациенттерде де орын алды.
Басқа цитоуыттық препараттардағы сияқты, флударабин фосфатын қолдана отырып, гематопоэздық дің жасушалары сынамаларын әрі қарай таңдағанда сақтық танытқан жөн.
Қан құюмен байланысты «иесіне қарсы трансплантат» реакциясы (иесіне иммунокомпетентті лимфоциттер құюға реакция) флударабин фосфатын қабылдаған пациенттерге сәулеленбеген қан құюдан кейін байқалды. Осы ауру нәтижесінде өліммен аяқталудың жоғары жиілігі тіркелді. Сондықтан қауіпті барынша азайту үшін қан құюды қажет ететін және Флудамедамен емделіп жүрген немесе емделген пациенттер тек сәулеленген қанды ғана алуы тиіс.
Флударабин фосфатымен емделу кезінде немесе емделуден кейін бұның алдындағы тері обырының, сондай-ақ алғаш білінген тері обырының зақымдану ошақтарының нашарлауы немесе кенеттен өршуі тіркелді.
Ісік лизисінің синдромы үлкен ісік массасы бар пациенттерден табылды. Флударабин фосфаты реакцияны емдеудің алғашқы аптасында-ақ туындататындықтан, осы асқынулардың даму қаупі бар пациенттерде сақтық шаралары қолданылуы тиіс.
Кез келген аутоиммундық үдерістерге немесе анамнездегі Кумбс реакциясының статусына қарамай-ақ, өмірге қауіп төндіретін және кейде өлімге әкелетін аутоиммундық құбылыстар («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз) флударабин фосфатымен емделу кезінде немесе емделуден кейін тіркелді. Гемолиздік анемияны басынан кешкен пациенттердің көбісінде флударабин фосфатын қайталап тағайындағаннан кейін гемолиздік үдерістің қайталануы дамыды. Флудамедамен ем қабылдаған пациенттер гемолиз белгілерінің пайда болуы тұрғысынан мұқият бақылануы керек.
Гемолиз пайда болған жағдайда Флудамедамен емдеуді мезгілінен бұрын аяқтау ұсынылады. Қан құю (сәулеленген, жоғарыны қараңыз) және адренокортикоидтық препараттар аутоиммундық гемолиздік анемияны емдеудің өте кең таралған шаралары болып табылады.
Флударабин фосфатын бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге, гепатоуыттылығына байланысты, сақтықпен қолданған жөн. Флударабин фосфатын, егер анықталған пайдасы потенциалды қаупінен басым болса, енгізу керек. Осы пациенттер жоғары уыттылықтың болуы тұрғысынан мұқият бақылануы тиіс және, көрсетілімдері бар болған жағдайда, дозаны өзгерткені немесе емдеуді мерзімінен бұрын аяқтағаны жөн («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).
2-F-ara-А метаболиті компонентінің жалпы клиренсі креатинин клиренсімен өзара байланысты екендігін көрсетеді, бұл дәрілік препаратты шығару үшін экскрецияның бүйректік жолының маңыздылығын айғақтайды. Бүйрек функциясы төмендеген пациенттер жалпы әсерінің (AUC 2F-ara-A) жоғары екендігін көрсетті. Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі <70 мл/мин) науқастар жөнінде клиникалық деректер шектеулі.
Флудамеданы бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Бүйрек функциясының бұзылуы орташа (креатинин клиренсі минутына 30-дан 70 мл-ге дейін) болатын пациенттерде дозаны 50%-ға азайту және жағдайына мұқият мониторинг жүргізу керек («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз). Егер креатинин клиренсі <30 мл/мин болса, флударабинмен емдеуді қолдануға болмайды («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).
Егде жастағы пациенттер
Пациенттердің осы тобында, флударабинді егде жастағы (75 жастан асқан) адамдарға қолдану жөніндегі деректер шектеулі болғандықтан, флударабинді сақтықпен қолданған жөн. 65 жастағы және одан үлкен пациенттерде креатинин клиренсін емдеуді бастағанға дейін анықтау керек.
Педиатриялық пациенттер
Флударабин фосфатын пайдалануға қатысты деректер балаларда жоқ. Сондықтан Флудамедамен балаларды және 18 жастан кіші жасөспірімдерді емдеу ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Флудамеданы жүктілік кезінде, егер аса қажет болмаса ғана, пайдаланбаған жөн (мысалы, өмір үшін қауіпті жағдай, емдік әсері нұқсан келтірмейтін өте қауіпсіз емдеуге қол жетімді балама жоқ, емдеуге жол бермеу мүмкін емес). Препарат зиянды эмбриональді әсер беруі мүмкін. Рецептуралық препараттарды тағайындауға құқығы бар медицина қызметкері, егер ана үшін потенциалды пайдасы шарана үшін потенциалды қаупін ақтаса, флударабинді пайдалануды қарастыра алады.
Осы препараттың және оның метаболиттерінің ана сүтіне бөлініп шығатын-шықпайтындығы белгісіз. Дегенмен, флударабин фосфатының және/немесе оның метаболиттерінің ана қанынан сүтке өткені жөнінде клиникаға дейінгі деректер бар.
Әйелдер Флудамедамен емделу кезінде жүктілікке жол бермеуі тиіс. Бала туа алатын жастағы әйелдер шарана үшін потенциалды қаупімен таныс болуы тиіс.
Контрацепция
Бала туа алатын жастағы әйелдер және сексуальді белсенді еркектер емделу кезінде және, ең жоқ дегенде, емдеуді аяқтағаннан кейін 6 ай бойы контрацепцияның сенімді шараларын қолдануы тиіс.
Вакцинация
Флудамедамен емдеу кезінде және емдеуден кейін тірі вакциналармен вакцинация жасауға жол бермеген жөн.
Флударабинмен алғашқы емдеуден кейін қайталап емдеу әдістері
Флударабин фосфатына әсер бермейтін пациенттерде флударабин фосфатымен алғашқы емделуден хлорамбуцилмен айқаспалы қолдануға жол бермеген жөн, өйткені флударабин фосфатына төзімді болған пациенттердің көбісі хлорамбуцилге де төзімділік танытты.
Қосымша заттар
Бұл дәрілік заттың құрамында сұйылтқаннан кейін мл-де 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни шын мәнісінде натрий жоқ.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері
Препараттың шаршау, әлсіздік, ажитация, сананың шатасуы, құрысулар және көрудің бұзылуы сияқты жағымсыз әсерлерін ескерсек, олар автокөлікті және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін басқа да потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізуі мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: препараттың жоғары дозалары, сүйек кемігі функциясының басылуы салдарынан, орталық жүйке жүйесінде қайтымсыз өзгерулерді (соқырлық, кома, және өліммен аяқталу болуы мүмкін), айқын тромбоцитопенияны және нейтропенияны туындатады.
Емі: препарат енгізуді тоқтату және демеуші ем жүргізу. Спецификалық антидоты жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Резеңке тығынмен тығындалған, алюминий қалпақшамен және пластик қалпақшамен қаусырылған, мөлдір. Түссіз шыны құтыларға 2 мл препараттан құйылған. Әрбір құтыға заттаңба жапсырылған.
Әрбір құтыны орнықты болуы үшін тұғырға орналастырады және мөлдір полиэтилен үлбірмен қаптайды.
1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 2оС-ден 8оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Актавис Италия С.п.А., Нервиано, Милан, Италия
Тіркеу куәлігін ұстаушы
Альмеда Фармасьютикалс АГ, Цуг, Швейцария
Тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын, тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы аумағында Альмеда Фармасьютикалс АГ компаниясының сенімді тұлғасы, Алматы қ., 3 ы/а, 47 үй, тел. +7 (727) 276 35 61, adevents.kz@gmail.com.